Создать сайт на a5.ru
Более 400 шаблонов
Простой редактор
Приступить к созданию

    Біздің мектебіміз туралы ақпарат

№201 орта мектеп 1988 жылы қаланған. 2015 жылы мектеп-лицей атауына ие болған білім ордасында, 700 оқушы білім алып жатыр. Және  мектеп-лицейде ең білімді 80-ге жуық ұстаздар қауымы қызмет атқарады. Мектеп басшысы - Садықов Талғат Құрақбайұлы.
Мектеп-лицей қабырғасында  түрлі үйірмелер мен мектеп-лицей жанынан ашылған қоғамдық ұйымдар бар. Сонымен қатар, "Мұрагер" сыныптары жүргізіліп, оқушыларды халықтық музыкаға баулып келеді.
Лицей шәкірттері әр түрлі бағытта (білім,өнер,спорт) өз шеберліктерін дәлелдеп, жүлделерге ие болып келеді.
Әлеуметтік жобалар жаңа бағытқа жол ашады...

Мектеп-лицейімізде "Көп оқып, көп білуге ұмтыл" лицей шәкірті оқуға міндетті 30 кітап акциясы өтіп жатыр.

Қазақ халқының өнерін насихаттау мақсатында, әрбір оқушылар жиынында (линейкада) шаңырақтар "Қазақтың жүз әнінен" алынған әндер шырқап жүр.

"Ата-ананың жұмыс орнындағы 3 күн" әлеуметтік жобасы да өз жемісін беруде. Бұл жобамен әзірше жоғары сынып оқушылары айналысуда.

 

    Құрметті жас достар!

Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің бар екенін білетін боларсыздар. Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені де белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны білдірсе керек. Қазақ халқы шаңырақты қасиетті санап, қатты қадірлеген. Ел басына күн туып, қара қазан сары баланың қамы үшін керегесін кессе де, шаңырағын ешқашан шаппаған.
Мектеп-лицейімізде құрылған «Шаңырақ» топтарының маңызы жоғары екендігін әрбір оқушы түсінуі тиіс. Себебі, бәріміз ортақ бір шаңырақтың астындамыз,  бір мектеп қабырғасында оқып, білім-тәрбие аламыз. Түрлі байқауларда мектебіміздің абыройы үшін жауапкершілік жүгін бірге арқалаймыз.
Біздің шаңырағымыз «Ұшқын» деп аталады. 5 «В», 6 «Б», 7 «В» сынып оқушылары бірлесіп жұмыс жасайтын боламыз!Ал, газетімізге ақылдаса келе бізді бір «шаңырақ шуағы» жылытсын деген ниетпен, «Шаңырақ шуағы» деген атау бердік.
Мектеп-лицей оқушыларын, «Шаңырақ» топтарын дамытуға, сонымен қатар үлкенге-ізет, кішіге-құрмет көрсетуге шақырамыз!

 

201 мектеп-лицей 
"Ұшқын" шаңырағының сайты
Мектеп-лицей мекен-жайы:
Жалағаш ауданы, М.Шәменов көшесі №121
Тел.: +7(724)3131451
e-mail: mektep-201@mail.ru
"Ұшқын" шаңырағының сайты